29.10.2020, 9:29
Қараулар: 125
Көп жылғы күл-қоқыс тазартылды

Көп жылғы күл-қоқыс тазартылды

Бәйтерек ауданына қарасты, Дариян ауылдық округі, Озерный елді мекенінің жанында көп жылдан бері жиналған қоқыс сасып, ауыл тұрғындарының мазасын қашыра бастаған еді. Бұл мәселені айтып, озерныйлықтар округ басшылығына барған.

Ауыл азаматтарының назын жерге тастамаған әкім міндетін атқарушы Тілек Кәкенов Орал қаласындағы «Әмина» жеке кәсіпкерлігі жіберген камаз автоклігінің және облыстық мәслихат депутаты Иван Енютин жолдаған бір арнайы техниканың көмегімен ауыл маңындағы 11 қоқыс орнын түгел тазалап, жиналған күбірді арнайы орынға апарып төккізді.

Айта кететін тағы бір жайт бұл үлкен сенбілік барысында тек Озерный ғана емес, Дариян ауылы маңындағы қоқыстар да тазартылды.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы