9.11.2020, 9:16
Қараулар: 105
Жоғалған азаматты үйіне қайтарды

Жоғалған азаматты үйіне қайтарды

Бесінші қараша күні Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Үлкен Шаған ауылдық округінде тұратын «Г» есімді азаматшаның жоғалғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Жәбірленуші қазан айының соңында үйінен кеткен туысының тұрғылықты мекен-жайы әлі күнге дейін оралмағандығын айтып шағымданыпты.

Дереу іздестіру тобын құрған полиция қызметкерлері аталған факті бойынша іс қозғаған. Жедел-тергеу тобы шұғыл оқиға орнына шығып, іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде жоғалған азаматты көрші орналасқан Балаган елді мекенінен тауып, туыстарына тапсырды.

Ішкі істер қызметкерлерінің қырағы қимылына разы болған жан полицейлерге ризашылығын білдіруде.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы