22.12.2020, 18:14
Қараулар: 100
Жоба аяқсыз қалмауда

Жоба аяқсыз қалмауда

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бастаған «Газет әр үйге» жобасы Янайкин жастары арасында да қолдау тапты. Округте құрылған «Мерейім» волонтерлер тобының қолдауымен ауылдың 1991 жылы туған азаматтары қаражат жинап, алты отбасын «Егемен Қазақстан», «Орал өңірі» және аудандық «Ауыл тынысы» газеттеріне жаздырды.

–Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп келетін ұлт ұстазы Ахмет бабамыздан қалған тамаша сөз бар. Ғасырдан астам тарихы бар «Егемен Қазақстан», «Орал өңірі» газеттері әр шаңырақта болуы керек. Оның үстіне 80 жыл бойы бәйтеректіктермен бірге жасасқан «Ауыл тынысы» газеті де өзін аудан патриоты санайтын әр азаматтың қолында болғаны дұрыс. Жаңа технология қарыштап дамып жатса да газет өзінің өзектілігін жоймайды және де негізгі ақпарат таратушы құрал болып қала береді. Сол себепті жастар болып отбасыларды газетке жаздырдық,-дейді «Мейірім» еріктілер тобының координаторы Мирас Шамашев.

Ауыл жастары әр бастамаларына қолдау білдіріп, кез-келген істің басы қасында жүретін округ әкімі Ауған Альмурзинге алғыстарын білдіреді.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы