11.12.2020, 9:11
Қараулар: 60
Жастар көзден таса қалмайды

Жастар көзден таса қалмайды

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары Янайкин, Көшім, Щапов, Махамбет, Макаров, Краснов ауылдық округтерінде болып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар және басқа да мәселелер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Ауылдарға барған ресурстық орталық басшысы Алма Тулепкалиева және кеңесші мамандарына аталған округ жастары негізінен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы сұрап білді.

Сонымен қатар жастарды еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, оларды еңбекке баулып, ынтасын арттыру мәселесі де кездесулер барысында кеңінен қозалды.

Сондай-ақ мамандар «JastargaBilim», «JastargaQyzmet», «JastargaKenes», «JastargaJymys» жобаларының жайы да түсіндіріліп, басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке үн қосуға шақырды.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер ауданның барлық ауылдық округтерінде өтеді.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы