29.12.2020, 9:29
Қараулар: 38
Жанға жылу сыйлаған жақсы істер

Жанға жылу сыйлаған жақсы істер

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты жаңа жыл мерекесін көпшілік болып өткізуге тиым салынды. Десе де дарияндық кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасында тәрбие алып отырған бүлдіршіндерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында 79 оқушыға мерекелік сыйлық таратылды. Ауылдық округ әкімі Тілек Кәкенов пен жетекші маман Гүлмира Ерғалиева әр балаға берілер сыйлықты үйлеріне дейін апарып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілерді алып үлкен қуанышқа бөленген балалар мен олардың ата-аналары жергілікті әкімшілік қызметкерлеріне ризашлықтарын білдірді.

-Бүгінгідей қарбалас шақта өз шаруаларын дөңгелентіп, балаларды қуантуға уақыт тапқан «Авангард»,»Сезам» дүкендерінің қожайындарына,№22 өрт сөндіру мекемесіне,№2 аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне, байланыс бөлімшесінің ,теле коммуникация, орман шаруашылығы ұжымдарына, шекарашыларға алғысымыз шексіз. Сондай –ақ қуанышқа кенелген балалардың ата — аналары ризашылықтарын білдіруде. «Мейірімділік – жүректен» дегендей, бір-бірімізге деген жақсылығымыз жоғалмасын. Жаңа жылымыз құтты болғай,-дейді ауыл әкімі Тілек Насырұлы.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы