5.01.2021, 11:55
Қараулар: 38
Ерекше акция

Ерекше акция

Бәйтерек ауданынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын ерекше ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, елді спортпен айналысуға шақыруды мақсат еткен Ұлданай Сейітқалиева, Дархан Қажмұратов, Ерназар Амангелдіұлы және Нұрсәуле Есенәлиева сияқты жас үміткерлер Щапов ауылынан Өркен ауылына дейін шаңғымен барып, елді сайлауға қатысуға шақырды.

Үміткерлерді жылы қарсы алған өркендік ағайын күн санап еліміз дамып келе жатқанын айтып, ауылға келер жолдың сапасы сын көтермейтінін және жастардың бос уақытын өткізетін орын салынса деген тілектерін білдірді.

«Nur Otan» партиясы қашан да азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды бірінші орынға қоятынын ауыл тұрғындарына жеткізген үміткерлер елді мекендердің инфрақұрылымдық-коммуникациялық желілерін қамтамасыз етуді қолдайтынын сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» жобаларын іске асыруға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендерін айтты. Сонымен қатар ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында аудандағы Болашақ және басқа да ауылдарға қосымша құрылғылар орнату мәселелері де назарда тыс қалмайтынын үміткерлер қаперледі.

-Шаңғымен ауыл аралап елдің жағдайымен таныстық. Нақты ауыл азаматтарын қандай мәселелер толғандыратынын білдік. Мұндай шараларды жиі өткізетін боламыз,-дейді акция қатысушысы Ұлданай Сейітқалиева.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы