3.11.2020, 9:36
Қараулар: 138
Дарияндағы дүкендерде рейд жүргізілді

Дарияндағы дүкендерде рейд жүргізілді

Дариян ауылында мониторингтік топ мүшелері сауда нүктелері мен қызметкерлеріне жаман індеттің таралуының алдын алу шаралары бойынша санитарлық – эпидемияға қарсы және санитарлық – профилактикалық іс – шараларды күшейту жөінде кеңестер берді.

 

Әр дүкен иесімен және сатушымен кездесу барысында әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын шектен тыс қымбаттатпау және міндетті түрде санитарлық нормаларды сақтау туралы айтылды.

-Арнайы мамандар тұтынушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай – ақ дүкендер арасында баға жағынан әркелкілік байқалмайды,- дейді Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Ажиев.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы