6.11.2020, 9:04
Қараулар: 116
Бәйтеректе 86 шақырым жол жөнделген

Бәйтеректе 86 шақырым жол жөнделген

Биыл Бәйтерек ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік «Еңбекпен қамту», «Ауыл — ел бесігі» бағдарламалары бойынша жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

 2020 жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары жартылай аяқталып, әкімшілік негізгі жолдарды халық игілігіне пайдалануға берді.

Бәйтерек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, аудан аумағында 86 шақырымнан астам жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан жүргізілген. Сонымен  қатар аудан орталығында 15, Дариян ауылдық округінде 4.8 шақырым ауылішілік жол салыныпты.

-Переметный аумағында жөндеу жұмыстары туған айда толық аяқталып, қабылданар күн жақын. Ал Белес, Достық, Егіндібұлақ сынды ауылдық окруктеріне апарар жолдардың жөндеу жұмысын жауапты медігерлер жоспарланған мерзімінен бұрын аяқтап, тапсырды.

Бұнымен қоса Переметный ауылында 7,5 шақырым су құбыры салынып, Новенький, Щапов, Кушум, Достық ауылдық окруктерінің кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарына дайындау басталды,-дейді Р.Рахметов.

Радим Кадимұлы биыл жасалуы керек деп жоспарланған 13 жоба толық жүзеге асқанын айтады. Ал келер жылы Дариян, Переметный, Чиров, Егіндібұлақ, Көшім, Погодаев сияқты ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу жұмыстарын бастау қаралуда.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы