25.12.2020, 16:05
Қараулар: 49
Бұрын-соңды болмаған жөндеу

Бұрын-соңды болмаған жөндеу

Биыл Бәйтерек ауданында жүргізілген жолдарды күрделі және орташа жөндеу ісі аудан тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Жөндей жұмыстарының өзі толыққанды құрылысқа айналды. Өйткені жолдардың сол кездегі жағдайы өте нашар еді. Ескі асфальттан жолдарды жол деп айту қиын еді. Ал кей елді мекендердегі көптеген көшелерде ол ауылдар құрылғаннан бері жол болған емес.

Сонымен қатар осы кезге дейін республикалық немесе облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілгенімен биылғыдай мөлшердегі асфальт ешқашан төселмеді. Ауданда 852,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оған тікелей елді мекендер арасындағы жолдар, ауылдарға кірер жолдар және көше желісі кіреді. Мәселен, биыл 81,1 шақырым асфальт төселді, оның ішінде 39,1 шақырым көше.

Бұл жалпы ұзындықтың он пайызын құрайды. Жолдарды жөндеу жоспарлары айтылған кезде, олардың жүзеге асырылуына күмәнданған

көптеген скептиктер болды. Бірақ нәтиже бәріне ұнады – кейбір мердігерлер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтағанын да атап өткен жөн.

Николай БЕРЕНДЯЕВ,

Бәйтерек ауданы