10.11.2020, 17:46
Қараулар: 74
Борышкерлер тексерілуде

Борышкерлер тексерілуде

Қараша айының 6-18 аралығына жоспарланған «Борышкер» рейдтік іс-шарасының өткізілуде. Шараны аудандық полиция бөлімінің қызметкелері сот орындаушыларымен бірлесе отырып жүргізіп жатыр.

Профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуындағы мақсат — мемлекет алдында белгілі бір өтелмеген қарызы бар, сонымен қатар шектеу қойылған автокөліктерді басқарып жүрген аудан тұрғындарын тексеріп, құқық бұзу фактісі расталған жағдайда тиісті шара қолдану.

Қазір полиция бөлімі қызметкерлері мен сот орындаушылары бірлесіп мемлекет алдында берешегі бар Переметное ауылы тұрғындарының мекен-жайларына барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шара қараша айының 18 толық аяқталып, қорытындалмақ.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы