25.11.2020, 10:19
Қараулар: 66
Ауыл тыныштығын бұзғандар жоқ

Ауыл тыныштығын бұзғандар жоқ

Бәйтерек ауданы Дариян ауылының учаскелік полиция инспекторы,аға лейтенант Ернұр Елеукен мен жастар жетекшісі Марзия Кунусбаева және бірнеше волонтер ауыл ішін аралап, түнгі рейд шарасын жүргізді.

Мақсаты 21:00 мен 23:00 арасында көшеде себепсіз жүрген жандарды анықтап, оларға әлі де карантин режимі аяқталмағанын түсіндіру.

— Полиция қызметкері мен жастарды ертіп, ауыл ішіндегі дүкендер мен жастардың көптеп жиналатын саябақтарға бардық. Кездескен бірен-сарау жас болмаса адамдардыңкөбі санитарлық талаптарды сақтап жүрді. Бір қуантарлығы өрескел тәртіп бұзған жас кездеспеді,-дейді М.Кунусбаевва.

Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын таба бермек,- деп жауап берді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы