23.12.2020, 12:22
Қараулар: 114
«Ауыл тынысы» — аудан жаршысы

«Ауыл тынысы» — аудан жаршысы

Егіндібұлақтық ағайын аудандық газетті алмау, оған жазылмау дұрыс емес деп біліді. Көпшілік ауданда, ауыл-аймақта болып жатқан тіршіліктің тынысын осы «Ауыл тынысы» басылымынан оқып, біліп отырады. Биыл ауылымызда газетке 40 оқырман жазылған болса, соның 28-і ұстаз. Мұғалімдер қауымы газетте жарық көрген барлық жақсылықтарды оқушыларға жеткізіп, мемлекетіміздің, ауданымыздың жеткен жетістіктерін мақтан ете алады. «Ауыл тынысы» сонысымен құнды.

Қазіргі таңда газетте оқырманға пайдасы тиер құнды дүниелер, тәрбиеге қатысты танымдық мақалалар, аудан көлеміндегі жасалып жатқан тың да серпінді жұмыстар көптеп берілуде. Ел үшін егілер қайырымды жандардың қандай игілік жасап, мектептерде нендей жаңалық боп жатқаны да, мәдени жаңалықтар мен қатар ауданның бетке ұстар азаматтары туралы мақалаларды да бетінен кезіктіруге болады.

Сондықтан Егіндібұлақ мектебінің ұжымы газеттің тұрақты оқырманы саналады болашақта жазылушылар санын көбейтуге де өз септігін тигізетін болады.

Ауыл тынысы» ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, Егіндібұлақ халқы газетімізге қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтқымыз келеді

Ешниязова Меруерт

Егіндібұлақ мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі