11.01.2021, 14:57
Қараулар: 35
Арқаны кеңге салар күн емес

Арқаны кеңге салар күн емес

ҚР Денсаулық сақтау министіргілі таратқан ресми мәлімет бойынша бүгінде еледігі эпидимиологиялық ахуал тұрақталғандай. Десе де бұл арқаны кеңге салып, сақтықты ұмыту керек деген сөз емес. Қазіргі таңда Covid-19 індетіне қатысты мәлімет күнде жаңартылуда. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Бәйтерек ауданында 95 адам жаман ауру жұқтырған. Бұл осы кезге дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда аз екенін айтады мамандар.

-Ауданда covid-19 вирусын жұқтырған 95 адамның 70-і сиптомды, қалған 25 адам симптомсыз. 19 адам ауруханада болса, 76 адам үй карантиніне жатқызылды. Ем алуға жіберілгендердің нобайы атап айтсақ 13-і аудан орталығындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, Оралдағы қалалық көпсалалы ауруханада да 4 науқас және 2 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан БОЛАТБЕҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы