22.02.2018, 10:07
Қараулар: 11
«Бизнес кеңесші» курсы аяқталды

«Бизнес кеңесші» курсы аяқталды

Переметный ауылында кестеге сәйкес, «Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау  шаралары» бизнес бастамасының төртінші бағыты аясында, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» екі күндік қысқа мерзімді   оқыту курстары өтті.


«Бизнес-Кеңесші» жобасы кәсіпкерлерге, кәсіпкерлік бастаманы танытқан азаматтарға арналған  қысқа мерзімді оқыту курстары. Оқытуды аяқтаған тыңдаушыларға «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсының сертификатты табысталады және бұл сертификат даму банкінің несие кепілдеріне және гранттық қаржыландыруына мүмкіндік беретін құрал. Мемлекеттік бағдарламалар аясында, бұл сертификаттар қажетті құжаттардың тізбесіне кіреді.

Ауданымызда жоғарыда аталған жобаға қатысып, бар кәсібін кеңейтуді және ойындағы бизнес жоспарын іске асыруды қолға алған азаматтар аз емес. Міне сол жандарға мүмкіндік беру үшін аудандық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша білім алам дегендер көп. Аймақтың барлық округтерінен келген 35 болашақ кәсіпкерге екі күн бойы кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспар құру, маркетингтік қызмет, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері және бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары сияқты сабақтар жүргізді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсел Қартқожақова: -«Бизнес кеңесші» жобасы бойынша жыл сайын оқыту курстары өткізіліп тұрады. Аудан тұрғындарының белсенділігі де жоғары.  Оларға облыс орталығынан арнайы келген бизнес тренер Зүлфия Халилова сабақ жүргізді.  Өз еркінмен де келіп жатырғандар аз емес. Тіпті, дайын идеяларын да ұсынғандар көп. Бұл курс кәсіп ашам дегендерге таптырмас мүмкіндік,-дейді.

Өз идеясын іске асырып, бар кәсібін кеңейуді көздеген Базарбай Әбілов: -Кәсіпкерлікпен біраздан бері айналысып келемін. Бірақ, ісімді кеңейтіп, бар мүмкіндікті толығымен пайдалануым үшін көп қаражат керек болатын. Ал, ол қаражатты табудың бір жолы осы «Бизнес кеңесші» курсын аяқтап, банктен несие рәсімдеу. Бұл курстың берері мол. Салық, құқық жағынан, басқа бизнеске қажет деген біраз мағлұматқа қанықтым. Әр азаматқа ісін ашуға мүмкіндік беретін осындай курс ұйымдастырып жатқан жандарға алғысым шексіз,-дейді.

Түгелбай Бисен

«Бизнестің жол картасы - 2020»

Басқа да мақалалар