10.03.2017, 9:24
Қараулар: 609
АБЗАЛЫ «АЛА ЖІПТІ АТТАМА!»

АБЗАЛЫ «АЛА ЖІПТІ АТТАМА!»


Жаза – сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.


жазаЖазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мындай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл алу, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру. Жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру, мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін жайлар, сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар да ескерілген.
Сондай-ақ, жеңіл қылмыс жасағаннан кейін екі жыл, орташа ауыр қылмыс жасағаннын кейін бес жыл, ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл өтсе, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты айыпкер жазадан босатылады. Айыпты азаматтырды ауруға шалдығуына, төтенше жағдайларға, айыптау үкімінің ескеру мерзімі өтуіне байланысты, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату жағдайлары да кездеседі.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот әрбір қылмыс үшін бөлек жаза тағайындап, түпкілікті жазаны тағайындалған жазалармен толық немесе ішінара біріктіру жолымен белгілейді. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын жазалар әкімшілік шара деп аталады.

А. Атошова,
№2 аудандық
сотының бас маманы