2.03.2017, 17:31
Қараулар: 24
ЗЕЛЕНОВТЫҚТАРДА — 18 АЛТЫН!

ЗЕЛЕНОВТЫҚТАРДА — 18 АЛТЫН!


Каратэшілер тағы бір мәрте қуантты. Санаулы күн бұрын Алатау бөктерінде Қазақстан Республикасының каратэ спорты федерациясының ұйымдастыруымен каратэден Алматы қаласының ашық турнирі өтті.


IMG-20170301-WA0006

Оған еліміздің Көкшетау, Қостанай, Семей, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал қалаларынан барлығы 13 команда 350-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Жалпы командалық есепте БҚО жеңіске жетіп бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Алматы, үшінші орынды Тараз қалаларынан келген командалар еншіледі. Ал облыс командасы құрамасы сапында бақ сынаған зеленовтықтар 18 алтын, 8 күміс, 9 қола ұтып аудан мерейін тасытты.

IMG-20170301-WA0011

Атап айтсақ, Ғ.Габдулла (кумитэ мен ката), Ш.Гумаров (кумитэ мен ката), Б.Сұлтангерей (ката), Қ.Нигимов (ката), А.Бержанов (ката), Ж.Серік (ката), Б.Өтеғалиев (ката), С.Болатов (ката), Г.Серікқали (ката), Ж.Есболова(кумитэ мен ката), Э.Оңғарова (кумитэ), Н.Әділгерей (кумитэ мен ката), А.Имақанова (кумитэ мен ката) ел чемпиондары атанды.

Ауданның Переметный, Новенький, Белес, Янайкин, Володар ауылдарының балаларын баптап, қашанда біліктіліктерін шыңдап келетін жаттықтырушылар Фархад Жалмұрзин, Рустам Жұмбаев, Фархат Нысанбаевтың еңбегі зор.  Жерлестеріміздің жеңісті де, жемісті күндері көп болсын!

IMG-20170228-WA0061

 

Динара НАСЫР