27.02.2017, 17:49
Қараулар: 6
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ


Қазіргі таңда терроризм алдымен халықаралық, әлем қоғамдастығы үшін басты қатердің бірі болуда. Қалай болғанда да әлемнің барлық мемлекеттері осы мәселемен қақтығысады. Сонымен қатар, «нағыз» терроризммен бірге «жалған терроризм» маңызды мәселе болуда, оның бір түрі – терроризм актілері туралы жалған хабарламалар.


жалған jpgСоңғы уақытта терроризм актілері туралы жалған хабарламалар жиілеп кетті, олардың мақсаты қоғамда үрей туғызу, қорқыныш ахуалын құру, бұзақылық ниетпен, өздерінің анықталмай және жасағандары үшін жазаланбай қаламыз деп ойлайды, әсіресе «телефон терроршылдары мен бұзақылары» туралы айтатын болсақ, әртүрлі мағынадағы жалған қатерлер, көбінесе жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарламалар. Сайып келгенде, кінәсі жоқ адамдар зардап шегеді. Соңғы 15 жылда шабуыл соғысына қарағанда террористікпен көп адам өлімі болды. 2016 жылдың есебі бойынша Батыс Қазақстан облысы аймағында ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР КБ) 273 бабы бойынша террористік акті туралы 6 жалған қылмыстық іс тіркелді.

Терроризм актілері туралы жалған хабарлама адамдардың қалыпты тіршілік әрекетін бұзады, тұрғындар арасында жаппай ашушаңдық пен үрей туғызады, көліктің және басқа да өндіріс пен кәсіпорындардың жұмысында іркіліске әкеп соғуы мүмкін, көптеген жұмысшылардың (полиция, әскери қызметшілер, өртке қарсы қызмет, медицина қызметі және т.б.) қызметтік міндеттерін орындаудан көңіл аударуына әкеп соғады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасында заң шығарушы осы қылмысты жасаған үшін қылмыстық жауапкершілік көздеген.

Жалпы, ауыр қылмыс ҚР КБ 273 бабының іс-әрекеті бойынша қаралады. Мысал келтіретін болсақ, Орал қаласы, Меловой селосы, «Стеновик» Силовая көшесінің 282 үйінде тұратын Р.Хусаинов 2016 ж. 11.04. күні өзінің ұялы телефонынан «102» нөміріне «мекемеде жарылғыш зат бар» деп Абай ПБ ІІБ-не террористік акт туралы жалған ақапар береді. Нәтижесінде ақпаратты қабылдаған мекмеге зиян келтіргені 58 209 теңге көлемінде айыппұл салынды. Р.Хусаинов 2016 жылы, 15.05. күні Орал қаласы сотының үкімімен ҚР ҚК 273 бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы сынды ойланбай әртүрлі мотивтермен  істелінген (ата-ана жиналыстарын бұзу, құрту амалдары, тентек болу және т.б) жұмыстар бойынша террористік акт жалған  ақпарат әрекет  етеді.

Сондықтан да тұрғындар арасында терроризм актілері туралы қасақана жалған ақапарат тарату жақсылыққа апармайтындығын естен шығармағаныңыз жөн.

 

 

 Еркін Қуанышқалиев,

аудандық ішкі істер

бөлімінің басшысы