9.09.2016, 17:18
Қараулар: 10
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ ТЕРЕГІ, ДӘЙЕКТІ ДЕРЕГІ КӨП ӨҢІР

Тамыры тереңге жайылған тарих

1815 жылдың жаз айы. Ауданымызға қарасты алақандай ғана Зеленый ауылының іргетасы тұрғызылды. Бұл жерге алғаш рет үш казак отбасы қоныстанған. 1868 жылы ауыл атағы беріліп, Зеленов деп аталды. Бұл ауылдың атауы көшіп келген казактың бірі Осип Зеленовке қатысты қойылды деген дерек бар ел аузында. Ол кісі теректер мен түрлі көшеттер отырғызып, бау-бақшамен шұғылданып ауыл ішін жасыл желекпен көмкерген десе — ді.

dsc_0349

1894 жылы 25 қазанда Рязань-Урал темір жол торабы қолданысқа беріліп, Деркөл станциясынан алғаш рет пойыз өтеді. Тіпті, 1898 жылы христиан шіркеуі салыныпты. Оның жанынан шіркеу-приходь мектебінің негізі қаланған екен. 1931 жылы шіркеу белгісіз себептермен жабылып, жұмысын тоқтатады.

dsc_0328

1917 жылы революция кезінде ауыл адам танымайтындай кейіпке енеді. Сол кездегі төңкеріс Зеленыйды да айналып өтпеген.  Үйлер өртенп, халық талан-таражға түсіп, көпірлер қиратылған. Дәл осы кезеңде Ресей мен Украинадан көшіп келгендер қатары көп болыпты.

1925 жылы тұңғыш рет бастауыш мектебі ашылған. Оның ең алғашқы ұстаздары Анфиса Фадина мен Дмитрий Попов. Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін, 1925 жылы Зеленый селосының құрамына Железнов, Чернояров, Астраханкин, Асерчево ауылдар енеді. Сол уақытта халық саны 1052 болған.  Ал  270 шаруашылық құрылымы жұмыс жасапты. 1927 жылы екі еңбек артелиясы, әйелдерден құрылған «Труженица» артелиясы (төрағасы Степанида Семешина) және «Колос» аралас еңбек жасағы. 1929 жылы «Красный интернационал» колхозы құрылып Николай Гагаев төрағасы болып сайланады. Асерчевода «Красный Плуг» колхозы жасақталып Петр Муханьков хатшылыққа тағайындалады.

dsc_0315

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 300-ге жуық азамат майдан алаңына аттанған. Сұрапыл соғыс кезінде кім-кімге де оңай түспегені анық.

1948 жылы ауылдағы тірлік жаңа бағытқа өзгереді. Тұрғын саны 1649 адамға жетіп, 10 дүкен, ауылдық клуб, стадион, екі кітапхана, қос мектептің жұмыстары қарқынды жүріп тұрады. Тіпті Орал облысы бойынша 24 сағат бойы трактор жөндейтін «Казсельхозтехника» ғимараты жұмысы қайнаған орда болған. 1950 жылы ірі «Путь к коммунизму» колхозы құрылып, орталығы Зеленый ауылы, 1952 жылы Яков Гайдаенко басшылыққа келіп, 30 жыл ғұмырын ауылдың өркендеуіне арнады.

dsc_0332

1990 жылы ауылдық кеңес ауылдық округ болып өзгеріп, Н.Гагаев, И.Чуриков, В.Стародубов, А.Вишневская, Н.Болбатов, А.Веденецкий, П.Безьянов, А.Сигунов, М.Залмұқанов, Р.Айтуғанова, Н.Қуанышев, М.Серкалиев сынды азаматтар басшылық қызмет атқарған.

Тың серпін. Жаңа келбет

Аудан орталығынан 12 шақырым орналасқан жаңарып, жасарып өзгерген Зеленый ауылында қазіргі таңда 1563 көп ұлтты халық бар. Екі ғасырдан асқан тарихы бар ауылдың  аумағы 30007  га алып жатыр. Оның 28853 га ауыл шаруашылығына өте қолайлы.

dsc_0396

2013 жылдан бастап округ әкімі болып тағайындалған Ізғали Сапарғалиұлы Дәулетов жұмыстың ауыр болғанымен, өте қызықты екендігін айтады. Қай істе болмасын халықпен бірлесе білек сыбана жұмысқа кірісетін басшы әңгіме барасында жұмыла көтерген жүктің жеңіл екендігін тілге тиек етті.

-Жұмыс болғасын қиын-қыстау күндер болып тұрады. Сол түйіткілді мәселелердің шешімі табылса, әрине арқаңнан бір ауыр жүк түскендей қуанасың. Өйткені, тығырықтан шықсаң демек, халық үшін игілікті іс атқарылғандығы. Халық риза болса, менде ризамын,- дейді ауыл басшысы.

Білім ордасында 143 оқушы болса, 47 ұстаз сабақ беруде. Күніне 30 балғын уақытын керемет өткізетін шағын-орталықтың да жұмысы жаман емес. Алайда 40 жылға жуық тарихы бар мектеп тозығы жетіп, әлі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Жыл сайын ол үшін қажет қаражат бөлінер деген үмітте жоқ емес.

Ауылдағы бір ерекшелік модельді кітапхананың бары. 21 800 кітап қоры мен 1220 оқырман, ал балалар кітапханасында 4500 қор мен 200 оқырман тіркелген. Кітапхананың меңгерушісі Елена Крапивина кітап ордасын түрлі ауыл тарихына қанығатын құндылықтармен толықтырған. Тағы бір айта кетерлігі ауыл тұрғындарынан жиналған тарихи жәдігерлерден мұражай жасақталыпты. Олардың арасында төл басылым «Ауыл тынысының» 1971,1973,1975 жылғы тігінділері де бар.

dsc_0382

Дәрігерлік амбулаторияның  жағдайы тәп-тәуір. Амбулаторияның бас дәрігері, жалпы тәжірибелік дәрігер Орынбасар Аханов 40 жыл талмай медицина саласында еңбектеніп келеді. Ол 1952 жылы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1970 жылы алтын ұяны тәмамдаған соң Ақтөбе шаһарындағы  медициналық институттан білім нәрімен сусындап, алғаш еңбек жолын туған ауылында бастайды. Кейін бірнеше жыл Теректі ауданында, ал 2002 жылдан Зеленый ауылына келіп қызметін жалғастыруда. Жұбайы екеуі екі ұл мен қылықты қыз тәрбиелеп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған. Зейнет жасына шықса да, жұмысын жалғастырып жас мамандармен білім-біліктілігін бөлісуде. Жедел жәрдемі бар ұжымның жалпы тәжірибелік дәрігері, тіс дәрігері, үш медбике, фельдшер, зертханашы,  әлеуметтік қызметкер, жүргізуші тағы басқа жұмысшылар бар. Мұнымен қоса, дәрігерлік амбулатория қызметкерлері Егіндібұлақ, Железнов, Шалғай ауылдарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

dsc_0252

1967 жылдан қолданысқа берілген халықты мәдениеттілікке жақындата түсетін өнер үйінде «Дудар-ай» вокалды тобы, «Висьнянко» украин этно-мәдени бірлестігі бар. Үш шығармашылық қызметкер еңбектенуде. Өнер ұжымдары әр кез маңызды шараның басы-қасында.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында тұрғын үйдің көпшілігіне су жүргізілген, көгілдір отында тартылыпты.

Округтің дамуына өз үлестерін қосып жатқан 34 шаруа қожалық, 6 дүкен, 1 дәріхана, 1 шаштараз бар. Атап айтсақ «Журавлев», «Құспанов», «Хайруллин»,  «Аманат», «Варданян», «Джафаров» тағы басқалар. Қожалықтар егін, мал шаруашылығымен, бау-бақша өсірумен айналысып отыр.

Деркөлді жағалай орналасқан ауылдың табиғаты көркем. Өзен бойын жайлай қызыл тал, қара ағаш өсіп тұр. Жасыл желек, көк орай ауылдың  Зеленый атауына ауысуы тегін емес.

Алдағы уақыттың еншісінде атқарылар жұмыстар әлі де көп. Бірлігі мығым, ынтымағы жарасқан ауылға толағай табыс тілейміз.

dsc_0200

Динара НАСЫР