13.08.2016, 16:50
Қараулар: 386
АҒАЙЫН, «АРНАҒА» АСЫҒЫҢЫЗ!

АҒАЙЫН, «АРНАҒА» АСЫҒЫҢЫЗ!

Қаумалаған елді тұрақты жұмыспен қамтып, елдегі бизнес ахуалды арттырып, табыс деңгейін көтеруді көздеген мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мол.

DSC_0682

 

 

 

 

Айта кетейік, ауданымызда «Бизнестің жол картасы — 2020»   бағдарламасы іске қосылғалы жалпы құны 10,6 млрд теңге болатын барлығы 57 жоба құрылды. Ал, жыл басталғалы алты нысан пайдалануға беріліп, 263 жаңа жұмыс орындары ашылған болатын.

Міне, бүгін Зеленов ауданы орталығында жаңа ғана бой көтерген 200 кісілік «Арна» тойханасы да ел игілігіне берілді. Халық қуанышына облыстық қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы Ақсерік Әйтімов, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тугузбаевтар ортақтасып, жалпақ жұртшылықты құттықтады.

-Тойхана құрылысы өткен жылы басталды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 10 млн теңге несие алдым.  Әрине, қос бағдарламаның шарапаты мол болды. Жобаны жолдасым екеуміз бірге жүзеге асырдық.    Бұл – біздің отбасылық кәсібіміз. Кәсіп жоспарын қолға алған кезден бастап бізге аудан әкімшілігі, кәсіпкерлер бөлімі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз, — дейді тойхана иесі Әсел Ижанова.

Жұмысын бастағалы тұрған кешенде қазіргі кезде 5 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Оның біреуі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы келіпті.

Ардақты ағайын, той-томалақтан басқа күнделікті уақытта «Арнадан» күнделікті түстене аласыз. Мұнымен қоса, болашақта өрісі кеңейіп караоке бөлмесіде ашылмақшы. Ендеше аудан орталығында алғаш рет ашылған тойханаға қош келесіз! Бағасын да қалтаңыз көтереді.

Д.БЕРІШ

«Бизнестің жол картасы - 2020»

Басқа да мақалалар