3.10.2019, 18:00
Қараулар: 50
Дарияндық оқырмандар ойларын ортаға салды  

Дарияндық оқырмандар ойларын ортаға салды  

 

 «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов Дариян мектеп-гимназия интернатының акт залында мектеп мұғалімдері мен жас оқырмандармен кездесті.

 

Кездесуді ашып сөз сөйлеген мектеп директоры Шолпан Өмірзақова баспасөзге жазылу науқанына орай мектеп ұжымы аудандық газетке жазылудан тыс қалмайтындығын айтып, редакция ұжымына табыс тіледі.

Оқырмандар атынан сөз алған мұғалім Жұмабек Әбішев ауылды жарықтандыру, тұрғындар қауіпсіздігі үшін жүргінші жолдар салу мәселесін көтерсе, кітапханашы Шолпан Сұлтанғалиева ауылішілік қоғамдық көліктер ұйымдастыру мәселесін тілге тиек етті.

Ал, мектеп оқушысы Мәдина Ибрагим болса, журналистикаға бейімі бар оқушыларға «Жас тілші» үйірмесін ашу турасында ұсыныс тастады.

Басылым басшысы Е.Бимұханов оқырмандар тарапынан көтерілген мәселелерге үн қосатындығын жеткізді.

Шара аясында мектеп оқушылары өлеңдер оқып, ән шырқады.

Кездесу соңында бас редактор Ертай Сағындықұлы мектеп ұжымына алғысын жеткізіп, кітапханаға кітаптар сыйлады.

 

Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ

  Суреттерді түсірген Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ