3.10.2019, 17:48
Қараулар: 315
Бәйтеректе аудан күні аталып өтілді

Бәйтеректе аудан күні аталып өтілді

27 қыркүйек күні Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында Аудан күніне арналған мерекелік шаралар ерекше салтанатпен аталып өтті.

 

Аудан күніне арналған мерекелік шараларға ағылған меймандарды аудан әкімдігінен қарсылап, қазақы дәстүрге сай дастарқаннан дәм татты.

Меймандардың қатарында Ресей Федерациясынан, облыс аудандарынан келген өкілдер, ауданның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан еңбек ардагерлері, т.б. бар.

Алдымен аудан басшысы Асхат Шахаровтың бастауымен меймандар аудан ортылығында орын тепкен шіркеу мен аудандық мешіт ішін аралап, ізгілік әлеміне саяхат жасады.

Қос ғимаратты татулық пен ынтымақтың ажырамас бөлігіндей етіп «Бейбітшілік пен келісім» саябағы келбетіне де көз жүгіртті.

Бәйтеректіктер үшін Аудан күні аясындағы қуанышты мереке ажарының бірі – тұрғын үйлердің кілттерін табыс ету рәсімі.

Аудан орталығына кіре берісте алыстан мен мұндалап көз тартар Мұнайшы шағын ауданында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің кілттерін табыстау салтанатында қоныс тойын тойлағалы отырған тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров:

— 80 жылдық тарихы бар, көптеген игі істерімен мақтанатын ауданбыз. Бүгін ортамызда достықтың туын биік ұстаған Ресей Федерациясынан, кезінде ауданда басшылық қызметте абыройлы еңбек еткен мәртебелі қонақтармен қатар, облыс аудандарынан келген меймандарымыз да бар.

Еліміздегі бүгінгі той баршамызға құтты болсын!

Бүгін 23 үйдің кілтін табыстауға жиналып отырмыз.

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарласы шеңберінде баспанаға қол жеткізу мүмкін болып отыр. Сол себепті аудан бойынша мұқтаж адамдардың мәселесі шешіліп, бірқатарына үйдің кілтін табыстағалы тұрмыз. Мереке, қоныстой құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық ұяласын! — деді.

Аудан басшысы қоныстойын мерекелегелі тұрған қуаныш иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады.

Тұрғындар атынан сөз сөйлеген дарияндық Фатима Балашова облыс, аудан басшылығына алғысын айтты. Меймандар жаңадан бой көтерген тұрғын үй бөлмелерімен танысып, қоныс той иесінің дастарқанынан ауыз тиді.

Айта кету керек, Мұнайышы шағын ауданында бой көтерген тұрғын үйлерге аудан бойынша ауылдық округтердегі тұрғын үйлерге мұқтаж жандар көпбалалы отбасылар орналасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы аталмыш ауылда 23 баспана бой көтерген болатын. «Жиенбай» ЖШС салған бұл үйлердің жалпы көлемі 65 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек, қазіргі таңда екі екі қабатты, әр қайсысы 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Аудан күні аясында орталық алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге аты алысқа кеткен аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарын өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды.

Сонымен қатар достық аясында мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың қолөнер көрмесі тамашаланды.

Ал, стадиондағы футбол жарысының ашылу салтанаты өзіндік ерекшелігімен футбол жанкүйкерлерінің есінде көпке дейін қалмақ.

Футбол жарысында Қазақстан Республикасының Мемлекетттік әнұраны шырқалды. Спорттық шараны құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков аяқдопшылар мен жанкүйерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Олимп» стадионында өткен мерейлі мерекеде Переметный ауылдық округі командасы мен Зеленый ауылдық округі командасы жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде зеленыйлықтар жеңімпаз атанды.

Орталық стадионда өткен аудандық қазақ күресі көпшіліктің делебесін қоздырды. Қазақ күресі жарысында 90 келі салмақ дәрежесінен жоғары белдесуде Бегайдар Меңдешов І орын (Трекин ауылддық округі) — (150 000т), ІІ орын Ерлан Мусағалиев (Дариян ауылдық округі) — (100 000т), Манарбек Кенжеғалиев ІІІ орын (Переметный ауылдық округі) — (50 000т) жүлдеге ие болды.

Түс мезгілі таянған шақта алаңды бойлай тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде мерекелік шараға қатысушыларға арналған мерекелік дастарқан әзірленіп, ақ жарма тілектер ақтарылды.

Аудан күні мерекесін тамашалаушылар аудандық тарихи-өлкетану музейінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Аудан тарихы жөнінде жиналғандарға музей директоры Ерназар Амангелдіұлы мәлімет берді.

Орталық алаңда Аудан күні мерекесіне жиналғандар назарына аудан көркемөнерпаздарының концерті ұсынылды.

Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері әсем әннен шашу шашып, белгілі би ұжымдары мереке шырайын аша түсті.

Мерекенің салтанатты бөлімінде аудан халқын Аудан күнімен құттықтап сөз сөйлеген аудан басшысы Асхат Шахаров ел-жұрт тұтастығын, бірлігін тіледі.

— Құрметті аудан тұрғындары және қонақтар! Сіздерді даласы дән болып тербелген, берекелі орда Бәйтерек ауданы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Аудан күні – бұл атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылап, болашаққа бағдарымызды айқындайтын ерекше күн.

Қашанда ерен еңбектің зор үлгісін көрсеткен дана халқымыз берекелі бірлігін нығайтып, ынтымақ пен ырысқа беттеп келеді. Батыс Қазақстан облысының азық-түлік белдеуін қалыптастыруда Бәйтерек ауданы диқандары мен шаруаларының еңбегі зор. Ел экономикасының драйвері – ауыл шаруашылығы бағытындағы ауданымызда басқа салалар да дами түсуде.

Жыл өткен сайын инфрақұрылым жаңарып, құрылыс қарқын алуда. Инвестиция көлемі өсіп, шағын және орта бизнесте еңбектеніп жүрген жандардың қатары артуда. Осынау мехнатты еңбек арқылы ауданымыздың  экономикалық әлеуеті ілгерілеп келеді. Мұның бәрі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы ерен жеңісі.

Ынтымақ пен бірліктің түпқазығы саналатын, 80 жылдық тарихы бар Бәйтерек ауданында алдағы уақытта да талай жасампаз істер жүзеге асырылмақ, — деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Сазды бағдарлама жетегінде ауданның дамуы мен гүлденуіне белсенді үлес қосқан ардақты жандар мен кәсіп иелері марапатталды.

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен қоғам белсендісі Амангелді Мыңбаев, (Зеленое ауылы), Ғалымжан Мендалиев (Переметный ауылы), Александр Старцев (Дариян ауылы), ұстаз Александр Иманов (Рубежин ауылы), қоғам белсенділері Құмарғали Ғұбайдоллаұлы (Достық ауылы), Бақыт Тоқбаев Кәкішұлы (Трекин ауылы), ардагер спортшы Демесін Маушев (Щапов ауылы), ұстаз Светлана Тұрғалиева (Белес ауылы), егінші, кәсіпкер Абай Жанғалиев (Январцев ауылы), ұстаз, егінші Федор Сковородко (Макаров ауылы) марапатталды.

Сонымен қатар аудан әкімінің алғыс хаты қоғамдық өмірде аудан абыройын асқақтатып жүрген белді кәсіпкерлер мен кәсіпорын, шаруа қожалығы иелеріне табыс етілді.

Сазды бағдарламаның құттықтау лебіздер білдіру бөлімінде көршілес Ресей Федерациясынан келген, облыс орталығы мен аудандардан келген меймандар құттықтау сөз алып, аудан басшысы Асхат Берлешұлына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Мерекенің айшықты шарасы – аудандық мәдениет үйінде өтетін облыстық ақындар айтысы болды.

Ақындар айтысын Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла ашып, аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтады.

Айтыстың ең алғашқы жұбын Бауыржан Ширмеденұлы мен Естеміс Мұқамбетов құрады. Екі ақын елді мекен атауларын тілге тиек етіп, орынды сөз қозғады.

Жас айтыскерлер Орынбек Меңдіқұл мен Әділ Ахметовтің айтысы әдемі әзілге құрылып, аға-іні сыйластығын көрсетті.

Ал, Мұрадым Мирланов пен Эльдар Ихсановтың айтысы көрерменің есінде қағытпа қалжыңдарымен қалды.

Өнер мерекесінің соңғы жұбын құраған «Алтын домбыра» иесі Жансая Мусина мен Талғат Мықиды халық ерекше қошеметпен қарсы алды. Екі дос ақын әдемі әзілдерімен қатар, елдік мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Қайта-қайта айтыссүйер ағайынға қол соқтыртып, ыстық ықыласқа бөленді.

Айтыс соңында аудан басшысы Асхат Берлешұлы ақындарды бастап келген Бауыржан Ергенұлына алғысын жеткізіп, айтыскер ақындарға алғыс хат табыстады.

Айтысты Қадыр орталығы басшысының орынбасары Мәди Сабыров жүргізіп отырды.

Аудан күні мерекесі аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек ауданы

 

Суреттерді түсірген Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

 

Празднование юбилея района для 23 многодетных семей стало особенным и праздничным вдвойне. В этот день в присутствии почетных гостей из соседних районов Российской Федерации, бывших руководителей района и жителей райцентра аким района Асхат Шахаров вручил им ключи от новых домов.

 

Рауза Салихова, мать шестерых детей:

 

— В селе Белес мы живем в квартире в доме, который раньше был школой. Условия не лучшие. Семь лет назад встали в очередь на жилье. Все эти годы жили с надеждой на улучшение жилищных условий. Совсем недавно узнали, что нам дают дом в райцентре. Это было так неожиданно, что не сразу и поверили. До сих пор душу переполняют чувства радости, которые словами передать невозможно.

Спасибо руководству района, области за такой подарок. Спасибо программе «Нұрлы жер», спасибо Президенту, который продолжает политику Елбасы, направленную на заботу о нас, казахстанцах.

Сегодня очень приятное событие для нашей семьи. Получить дом со всеми удобствами – это невероятное счастье!

 

Эльвира Кузембаева, мать четверых детей. Живет с семьей в селе Железново вместе со свекровью в ее доме.

— Узнали об этом на днях. Наверное полчаса молча сидели и не могли такому поверить. Только потом начали осознавать что произошло. Даже заплакала от радости.

Теперь у нас есть самое главное – дом! Посмотрите, рядом школа, больница. Есть все условия для хорошей жизни. Надеюсь, что найду работу. Мы очень благодарны государству, акиму района за то, что не забывают нас, многодетные семьи. Спасибо всем, кто подарил сегодня нам такое чудо.

 

Записал Николай БЕРЕНЯЕВ,

район Бәйтерек

ӨРКЕНДІ ӨҢІР

Басқа да мақалалар