27.09.2019, 9:51
Қараулар: 93
Бәйтеректе аудан күні басталмақ

Бәйтеректе аудан күні басталмақ

Бүгін Бәйтерек ауданында Аудан күні бастау алуда.

Мерекеге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысады деп күтілуде. Мерекелік шара аудандық мешіт пен шіркеуді көрсетуден басталмақ. Сонан соң Калинин ауылындағы Мұнайшы шағын ауданында салынған тұрғын үй кілттерін салтанатты түрде табыстаумен жалғаспақ.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы аталмыш ауылда 23 баспана бой көтерген болатын. «Жиенбай» ЖШС салған бұл үйлердің жалпы көлемі 65 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек, қазіргі таңда екі екі қабатты, әр қайсысы 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Бұдан соң шара ауыл шаруашылығы жәрмеңкесімен, аудан көқркемөнерпаздарының концертімен жалғаспақ. Сондай-ақ облыс ақындарының айтысы да мереклік шараның шырайын кіргізбек. Аламан додаға әрісі республикаға берісі өңірімізге етене таныс ақындар қатыспақ. Олар Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Эльдар Ихсанов, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы, Естеміс Мұқамбетов, Орынбек Меңдіқұлов және Әділ Ахметов.

Кешкілік мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен қорытындыланып, мерекелік отшашумен жабылмақ.

Қазірдің өзінде қонақтардың алғашқы легі келуде.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар