9.07.2019, 11:35
Қараулар: 602
Ауыл игілігі үшін

Ауыл игілігі үшін

Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев ауылдағы қоғамдық келісім орталығы өкілдерінің басын қосып, жиын өткізді.

Жиында Исатай Жұмағұлұлы:

-Тыныштық пен татулықты, бірлік пен достықты берік ұстанатын өңір тұрғындарына еліміздің өркендеуіне, экономикалық дамуы мен ел бірлігін нығайтуда бұл орталықтың маңызы зор, — деді.

Оған қоса ауыл әкімі қатысушыларды округтің қоғамдық өміріне белсене араласып, жастарға үлгі көрсетерліктей іс жасауға шақырды.  Ауылды абаттандыру, балалар алаңы жағдайының  көңіл көншітпейтіндігі туралы да айтылды. Бүгінгі таңда абаттандыру, яғни үйіліп, жиналып қалған күл-қоқыстарды полигонға шығару қолға алынғандығы және денсаулыққа зиян амброза шөбін жою сияқты жұмыстардың қарқынды жүріп жатқандығы осы басқосуда сөз болды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіптің күшейтілуі, ұрпақ тәрбиесі мәселелері талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды істер жөнінде пікір алмасылды.

Жиын соңында сөз алған жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құлымбетов ауыл әкімі Исатай Жұмағұлұлының жұдырықтай жұмылып еңбек етейік деген ұсынысына қолдау білдіріп, әріптестерінің атынан ризашылығын жеткізді.

 

 

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ