9.07.2019, 10:43
Қараулар: 312
Чиров негізгі мектебіне жарты ғасыр

Чиров негізгі мектебіне жарты ғасыр

28 маусымда Чиров негізгі мектебінің 50 жылдық мерейтойы атап өтілді. Білім ұясының жарты ғасырлық мерейтойында 49 жыл бойғы түлектері бас қосты.

Талай ұл-қызды өмірге қанаттандырып, білімге баулыған мектеп ұжымын аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, естелік сыйлық тарту етті. Елу жыл бойы шәкірттеріне есігін айқара ашқан мектеп бүгінде қайта түлеп, заманауи құрылғылармен жабдықталған.

«Жайық мұнай» ЖШС-ның демеушілігімен өткен жылы сынып бөлмелері жабдықталып, жиһазы жаңартылған мектеп интерактивті кабинеттермен толыққан. Жарты ғасырда мектептен түлеген 500-ге жуық түлектер бүгінде газ-мұнай, білім, медицина, әскери салаларда табысты еңбек етуде.    

 

Өз тілшіміз