9.07.2019, 10:35
Қараулар: 618
Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірі – «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту». Бұл мемлекеттік қызметті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көрсетеді.

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қарашадағы № 516 және 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 186 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі – стандарт). Енді стандартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес өтінішті қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру басқарманың кеңсесі арқылы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ берілген оралман мәртебесінің мерзімі аяқталған оралмандар көрсетілетін қызметті берушіге немесе мемлекеттік корпорацияға оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш бере алады. Оралман мәртебесін ұзарту Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен  қабылдау үшін қажет. Бұл жұмыс 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы барлық мәліметтер http://aleumet-bko.gov.kz/ интернет-ресурсында, нормативтік-құқықтық құжаттар бөлімінде орналастырылды. Осы қызмет бойынша анықтамалық байланыс телефоны: 8 (7112) 24 18 34.

 

Ерболат САҒЫНОВ,

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

 көші-қон бөлімінің басшысы