9.07.2019, 10:20
Қараулар: 413
Жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 28 маусымдағы қаулысы негізінде және аудан әкімінің 2 шілдедегі өкімімен Янайкин ауылдық округі әкімі лауазымына Ауған Ғарифоллаұлы Альмурзин тағайындалды.
Ауған Альмурзин 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетінен бухгалтерлік есеп бойынша экономист мамандығын меңгерген.
1991-1993 ж.ж. әскер қатарында болды. 1994-1997 ж.ж. Теректі кеңшарының №1 бригадасының бригадирі; 1997-1999 ж.ж. «Маяк» шаруа қожалығының бухгалтері; 2000-2002 ж.ж. Теректі ауданы Придорожное ауылы №15 техникалық жүйе магистралі торабның күзетшісі; 2003-2007 ж.ж. Придорожный селолық округінің әкімі; 2007-2008 ж.ж. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы; 2008-2012 ж.ж. Көшім ауылдық округі әкімінің көмекшісі; 2012 жылдан Көшім ауылдық округі әкімінің орынбасары; 02.07.2019 жылдан Янайкин ауылдық округінің әкімі.

Аудан әкімі Асхат Шахаров Янайкин ауылының активіне жаңа әкімді таныстырып, округті экономикалық дамыту, абаттандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымын жетілдіру бағытында бірқатар міндеттемелер жүктеді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар