27.06.2019, 9:35
Қараулар: 578
Аудан əкімі бәйтеректік журналистерді қабылдады

Аудан əкімі бәйтеректік журналистерді қабылдады

26 маусым күні аудан әкімі Асхат Шахаров «Жайық Пресс» ЖШС Бəйтерек филиалы — аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясы ұжымын қабылдады.

— Құрметті тілшілер, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Журналистік мамандық қашанда қоғамға қажет. Өйткені бұқара мен билікті байланыстыратын осы бұқаралық ақпарат саласының өкілдері. Болған оқиға мен әр нәрсенің мән-жайын байыптап, халыққа жеткізу – үлкен еңбек. Тұрғындар сіздер жазған материалдар мен атқарылып жатырған игі істерді естіп, біледі. Бүгінде бұл сала бойынша білім алып, қызмет атқарып, биік жетістіктерге жетіп жүрген әріптестеріңіз де бар. Қоғамдағы жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізуде қаламдарыңыз қарымды болсын! — деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Бұдан соң аудан басшысы тілшілерге алғыс хаттар табыстап, сый-сыяпаттар жасады.

Сондай-ақ кездесу барысында сөз алған аудандық газеттің директор-редакторы Ертай Бимұханов бүгінде баспасөз саласында атқарылып жатырған игі істерге тоқталды.

Дастарқан басындағы әңгіме аудандағы жасалып жатырған жұмыстармен жалғасты.

Шара соңы аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен өткен тренингке ұласты.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар