25.06.2019, 17:46
Қараулар: 62
Бәйтеректе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын талқылаған жиын өтті

Бәйтеректе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын талқылаған жиын өтті

25 маусым күні Бәйтерек аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2 полиция баталоны 5 взводы өкілдерімен жиын өтті.

«Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев жүргізді.

— Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бермеу туралы бағдарламада айқын айтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауалды бағдарламасында сыбайластықты жою туралы басым айтқан. Жалпы, жемқорлықты болдырмау – әр азаматтың міндеті, — деді Тілекбай Қажымұратұлы.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау туралы айтылып, талқыға салынды.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар