20.06.2019, 15:39
Қараулар: 46
Бәйтеректіктер Дос Көшіммен кездесті

Бәйтеректіктер Дос Көшіммен кездесті

 

19 маусым күні аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбында қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен кешенді кездесу өтті.

Аталған шараға елімізге белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Досмахамбет Көшім, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр мейман болып қатысып, аудан жұртшылығына ономастиканың жай-жапсары туралы айтып берді. 
— Ономастикалық өзгерістер бір өңірлерде жылдам, ал енді бір өңірлерде баяу жүргізілуде. Жаңа көшелерге атау беру оңай шығар, бірақ біздің алдымызда бұрынғы кеңес өкіметінен қалған атаулардың ауысу кезеңі басталды. Басқа мемлекеттерде бұл мәселе 1990 жылдары аяқталды.
Ономастикалық атаулардың ауысуының үш бағыты бар. Бірінші, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыру. Екінші, бұрынғы тарихи атауларын қайтару. Үшінші, адам аттарын беру. Бізге кісі есімін көбіне-көп көшелерге беретіні айқын. Мәселен, есімді берерде сол адамның еліне жеріне сіңірген еңбегі ескерілуі қажет, — деді Дос Көшім
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптар алды.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,
Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар