20.06.2019, 15:33
Қараулар: 40
Дариянда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Дариянда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау елімізде жүргізіп отырған сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі. Елімізде қарттар мен аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен балаларды қорғаудың нақты жүйесі қалыптасқан.

14 маусым күні БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бекетов, Тасқала, Бөрлі, Ақжайық аудандарындағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының директорлары, Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құлымбетов және мекеме қызметкерлері қатысты.
Нысанның ашылу салтанатында сөз алған БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Ысмағұлұлы:
— Құрметті шараға қатысушылар, аталмыш мекеменің ашылу мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет алушылардың шоғырлануын азайтып, оларды қоғамға толықтай бейімдеп араластыру. Бұл бағытта облысымызда 13 орталықтың 10-ы шағын сыйымдылықты орталықтар болып табылады.
Бүгінде облысымызда әлеуметтік маңызы зор жаңа шағын сыйымдылықты орталық нысаны көбейіп келеді. Дариянда 13-інші орталық бой көтеріп отыр. Орталықта үнемі әлеуметтік күтім мен медициналық көмекті қажет ететін 55 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну көзделінген.
Арнаулы әлеуметтік қызметпен облыс бойынша 5251 адам, оның ішінде 582 бала қамтылған. Стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы 1403 адам. Жартылай стационарлық үлгіде — 116 адам.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік салада – 905 маман, оның ішінде723 әлеуметтік қызметкерлер қызмет етеді.
Қоғамдағы арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне жауап беретін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету барысында ашылып отырған Дариян орталығының қызметіне табыс тілеймін, — деді.
Салтанатты шарада ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құлымбетов ақ жарма тілегін арнады.
Шара барысында жаңадан ашылған әлеуметтік нысанның лента қию рәсімін БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алтай Құлқаев пен Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құдайқұлұлы жүргізді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,
Дариян ауылы
Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар