21-30 наурыз аралығында дойбыдан Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Янайкин ауылдық округі, Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Айша Залмұқанова дойбының рапит түрінен жүлделі І орынды жеңіп алып, алтын медальді иеленді.
Жеңімпаз Айша Залмұқанова – Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы. Айта кетерлігі, Айша дойбыдан Қазақстан Республикасының 8 мәрте чемпионы атанған.
Шыңғыс НҰРЛЫБЕКҰЛЫ