11.04.2019, 10:17
Қараулар: 9
Баскетболдан аудандық бәсеке

Баскетболдан аудандық бәсеке

Таяуда Бәйтерек аудандық БЖСМ спорт залында баскетболдан ұл балалар арасында аудандық чемпионат өтті.

Оған аудан бойынша мектептерден 5 команда қатысып, ойын айналма түрінде өтті. Чемпионатқа Белес, Қ.Аманжолов атындағы, Трекин (қаз), Макаров, Новенький мектептері командалары қатысты. Жалпы жарысқа қатысушылар саны 35.

Жарыс қорытындысында І орын – Макаров, ІІ орын – Қ.Аманжолов, ІІІ орын – Белес орта мектебі командаларына бұйырды.

Жүлделі орынға ие болған командалар мен жаттықтырушылары медальдар мен грамоталармен марапатталды.

«Үздік қорғаушы» аталымымен Нұршат Жасқайратұлы (Белес ЖОББМ), «Үздік шабуылшы» аталымымен Ислам Мерген (Қ.Аманжолов ЖОББМ), «Үздік ойыншы» аталымымен Бексұлтан Жанғабылов (Макаров ЖОББМ) марапатталды, — дейді Бәйтерек ауданының БЖСМ әдіскері Сүйініш Ұмбаев.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек ауданы