11.04.2019, 10:13
Қараулар: 9
Дарияндағы «Ашық әкімдік»

Дарияндағы «Ашық әкімдік»

 

      Жуырда өткен «Ашық әкімдікте» аудан әкімі А.Шахаров, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Б.Исақов, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Көбенов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов және барлық бөлім, мекеме басшыларының қатысуларымен Дариян ауылдық округінде қоғамдық қабылдау жүргізді.

 

Қабылдауға келгендер қатарында өз кәсібін дамыту үшін қолдау сұраушылармен бірге жер телімдерінің берілу жолдары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне біраз сауалдар қойылды.

Әр сала бойынша көкейтесті сұрақтарын жолдаған тұрғындарға басшылар заң аясында түсініктер беріп, мәселелерін талқылады.

Бірнеше сала өкілдерінің қатысуы арқылы шешілетін сұрақтар реттеліп, өтініш білдіргендерге әрі қарай қандай қадамдар жасау керектігі және Дариян ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Әбубәкіровке де тапсырмалар берілді.

Дарияндық тұрғындарды негізінен кәсіпті өркендету, тұрақтыжұмысқа орналасу, жер телімін заңдастыру мәселелері мазалайды.

Шарадан соң облыс және аудан басшылары «Шабыт» коворкинг орталығында болып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА