11.04.2019, 10:05
Қараулар: 428
Бүгінгі әлем – әлеуметтік желі

Бүгінгі әлем – әлеуметтік желі

           Әлеуметтік желінің тарихы 1999 жылы АҚШ-та пайда болған. SMM – бұл (Facebook, Twitter, Google т.б.) мен басқа да благплатформалар арқылы компанияның немесе жеке тұлғаның брендін қалыптастыру.

        

«Жайық Пресс» медиахолдингінде жергілікті журналистерге SMM саласының маманы Ерлан Мәжік жаңа технологиялар тілін меңгерудің жолын нұсқап, «SMM жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты медиатренинг өткізді.

         Медиахолдинг басшысы Рауан Сәбитов медиатренингке қатысушы журналистерге сәттілік тілеп, алдағы жұмыстарынан үлкен нәтиже, тың идеялар күтетіндігін жеткізді.

Ерлан Мәжік медиатренинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне жұмыс жоспарын құру арқылы аудиторияны анықтау, аудиторияны қызықтыра білу, күтілетін нәтижені білу арқылы ақпаратты желі қолданушыларына неғұрлым тез әрі тиімді түрде жеткізе білудің жолдарын көрсетті.

Шеберлікке шыңдаған тренинг барысында Е.Мәжік қатысушыларға желі қолданушылары арасында имидж қалыптастыру арқылы шыншыл ақпараттар мен сыпайы диалог құрудың, әлеуметтік желіде жазылған ақпараттарға лүпіл басу арқылы бөлісу, өзара ақпараттар арқылы кері байланыс орнату, әлеуметтік желі бойынша туындаған барлық сұрақтар мен хаттарға жауап беру, тың жобаларды іске асыру арқылы желі қолданушылардың назарын ақпарат алаңына аудару, желі қолданушыларының саны мен сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Медиатренер болашақта сценарий арқылы жаңа жобалар құрып, бейнероликтер түсіру арқылы жаңа бастамалар мен жетістіктерге жетелейтін тың идеяларды ойлап табу керектігін баса айтты.

Толассыз ақпарат толқынында әлеуметтік желінің тиімділігі мен өзектілігіне тоқталып, шеберлікке шыңдаған SMM саласының маманы Ерлан Мәжіктің медиатренингі журналистер қауымы үшін үйретері мол, үйренері көп дүние болды.

Жаңа идеялар мен жарқын бастамаларға бағыт-бағдыр сілтеп, шеберлікке шыңдаған Ерлан Мәжіктің танымды тренингінен тағылымды ой түйіп  тарқастық.

 

Шыңғыс РОМАШЕВ