11.04.2019, 9:51
Қараулар: 6
«Достастықта» – жаңа басшы

«Достастықта» – жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес, аудан әкімі Асхат Шахаровтың өкімімен Бәйтерек ауданы әкімшілігінің «Достастық» ЖШС директоры болып Гүлсара Өтебаева тағайындалды.

 

Жаңа директорды ұжымға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұханов таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Гүлсара Сапарғалиқызы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген. 2001 жылы №14 техникалық кәсіптік мектепте есепші, 2009 жылы Орал колледжін құқықтану-заңгер және 2016 жылы Орта Азия университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласындағы «Казспортторг» ЖШС «Олимп» филиалында бастаған.

2001-2002 жылдары «Казспортторг» ЖШС «Олимп» филиалының есепшісі, кейіннен сатушы (Алматы қаласы); 2003-2004 жылдары «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ ЖАҚ-ның менеджері (Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы); 2004-2010 жылдары «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы Ақжайық АПБТ-ның баспасөзге жазылуы операторы, экономист бухгалтері, кейін жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2010-2013 жылдары «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы Зеленов АПБТ-ның бас есепшісі (Переметный ауылы) болып еңбек етті. 2014-2015 жылдары Зеленов ауданы әкімшілігінің «Достастық» ЖШС заңгері (Переметный ауылы). 2015 жылдан күні бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімшілігінің «Достастық» ЖШС  бас есепшісі қызметтерін атқарып келді.

02.04.2019 жылдан бастап Бәйтерек ауданы әкімшілігінің «Достастық» ЖШС директоры.

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар