8.04.2019, 10:48
Қараулар: 7
Мичуриндегі «Ашық әкімдік»

Мичуриндегі «Ашық әкімдік»

  5 сәуір күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан ауылында  «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

 

Аталған шараға аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық прокуратураның аға прокуроры Махат Өтемісов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов және өзге де бөлім, мекеме басшылары қатысып, ауыл тұрғындарын толғандырған сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға отыздан астам тұрғын келді. Олардың 18-і аудан әкімінің қабылдауында болды. Солардың бірі – Артур Ахметсафин.

— Мен аудан әкіміне ауыл көшелерін жарықтандыру, аялдамалар салу, қауіпсіздік үшін бейнекамералар орнату мәселелері бойынша сауал қойдым. Айтылған мәселелердің шешімін табатындығын айтты, — дейді Артур Марсұлы.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы