4.04.2019, 10:42
Қараулар: 405
Мәслихат мінберіндегі міндеттер

Мәслихат мінберіндегі міндеттер

Биыл Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл! Осы уақыт ішінде Бәйтерек аудандық мәслихаты өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы істердің жүзеге асуына үлестерін қосып келеді. Қоғамдағы өткір мәселелер, халықтың мұң-мұқтажы елдің дамуы үшін еңбек ететін органның назарынан тыс қалған емес.          

                     

         Қоғам қашан да өзгерісті талап етеді. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін қоғамды демократияландыру, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту мақсатында елімізде өкілді орган — мәслихаттар құрылған болатын. 1994 жылдың 7 наурызында тұңғыш рет мәслихат сайлауы өткізіліп, 30 наурызда жер-жерде депутаттардың бірінші сессиясы болды. Содан бері 25 жыл өтті. Осы уақыттың ішінде жергілікті мәслихаттағы депутаттық корпус деп аталатын үлкен армия еліміздегі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Алтыншы шақырылған Бәйтерек аудандық мәслихатының жұмысы басталғаннан бері үш жылдан астам уақыт өтті. Бұл шақырылым депутаттары жастарына, кәсіптеріне  және әлеуметтік мәртебелеріне қарай ерекшеленеді, бірақ біз бәріміз үлкен үмітпен, жоғары жауапкершілікпен халық өкілдерінің міндеттерін атқарудамыз.

Мәслихат жұмысының басты міндеттерінің бірі – ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, аудандық бюджетті бекіту, аудан көлеміндегі басқа да маңызды мәселелерді сессияда талқылап, қабылдаған шешімдерді орындау үшін атқарушы органдарға ұсыну және олардың орындалуына тұрақты комиссиялар мен депутаттар тарапынан бақылау жасау болып табылады.

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың жұмысы 2016 жылғы 25 наурыздағы 1 сессиядан басталып, мені екінші рет аудандық мәслихаттың хатшысы етіп сайлады. 3 тұрақты комиссияның төрағасы болып депутаттар Б.Е.Шканов, Т.Залмуканов, Н.Хайруллин сайланды.

Осы шақырылымда денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздыққа қарсы күресті күшейту, халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіпті өркендетудің жолдары туралы мәселелер қаралып, қаншама ұсыныстар өз шешімін тапты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды орындалу барысы, Бәйтерек (Зеленов) ауданы Дариян ауылының нақты жайғастыру жобасымен біріктірілген бас жоспарын бекіту, Зеленов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы коммуналдық қызметтің жайы, жер ресурстарын пайдалану және оны жақсарту туралы мәселелер аудандық мәслихаттың сессияларында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

«2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» мәселесі қаралып, 2017 жылы 11 қаңтарда әділет департаментінде тіркеуден өткен  соң бұл шешім күшіне енді. Ауданның және ауылдық округтердің бюджеті бойынша жедел шешім қабылдап, аудан алдында тұрған мәселелерді шешуге және қаражатты игеруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ауданда Қоғамдық кеңес қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Мәслихатта үш тұрақты комиссия жұмыс істейді, олар өздерінің қызметтерін бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді, комиссияларға тәжірибелі депутаттар төрағалық етуде.

Мәслихаттың жұмыс тәжірибесінде тұрақты комиссиялардың бірлескен және кеңейтілген мәжілістерін өткізу дәстүрге айналды. Нысандардың басында болып, тұрақты комиссияның көшпелі мәжілісін ұйымдастыру, көпшілік тыңдауын өткізу жүзеге асырылуда.

Мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының мүшелері депутаттардың басты мақсаты жұмыссыздар, өз беттерімен жұмыс істеушілер, сондай-ақ мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін аудандық бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысады.

Депутаттар депутаттық сұрау салу құқығын кеңінен пайдаланады. Атқарушы билік органдарына коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауыл-аймақты абаттандыру сынды түрлі мәселелерді қамтыған депутаттық сұраулар жолданып, оң шешілуде.

Біздің қызметіміздің ажырамас бір бөлігі жеке қабылдауда жұмыс істеу болып табылады. Депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді.

Талдау көрсеткендей, азаматтардың депутаттарға хабарласуы арқылы проблемалардың қаншалықты маңыздылығын түсінуге болады. Әдетте көпшілікті жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, жол жөндеу, жол белгілерін орнату, жаңа құрылыстарды электрлендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында тұрғын үйлерді жөндеу сияқты мәселелер көбірек толғандырады.

Мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өздерінің қажеттілігін дәлелдеген, қоғамда өз орнын тапқан, үлкен және қажетті жұмыс жүргізетін оларға барлық сайлаушылар мүдделері жолындағы жұмыста одан әрі табыстар тілегім келеді.

 

              Рамазан ИСМАҒҰЛОВ,

   Бәйтерек аудандық мәслихатының хатшысы