4.04.2019, 10:31
Қараулар: 102
Еңбекке құрмет

Еңбекке құрмет

Өткен аптада аудан әкімі Асхат Шахаров «Достастық» ЖШС директоры Зульпат Ярлыгасимованы зейнеткерлік жасқа толуына орай қабылдап, мерейтой иесінің иығына камзол жауып, алғыс хат табыстады.

 

Бәйтерек ауданының өркендеуі мен гүлденуіне сүбелі үлес қосқан Зульпат Тайырқызының еңбегі ересен. Соның ішінде тұрғын үйлерді жаңғырту саласында атқарған қажырлы қызметі жұртшылықтың көз алдында. Елді абаттандыру ісінде табысты еткен абзал жанның жеткен жетістіктері де сан алуан.

— Бүгінгі күні үлкен құрмет көрсетіп, жылы лебіз арнаған аудан басшылығына үлкен рақмет айтамын. Бастысы елде тыныштық, бейбіт заман болсын! – деді өз лебізінде З.Ярлыгасимова.

Жылы шырайлы қабылдауда аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов та ақ тілегін арнады.

 

Ертай САҒЫНДЫҚҰЛЫ