14.11.2018, 16:41
Қараулар: 141
«Рухани жаңғыру» диктанты жазылды

«Рухани жаңғыру» диктанты жазылды

Дариян ауылында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республикалық жалпыхалықтық диктант ұйымдастырылды.


 Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілімділігін жан-жақты

қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалауға бейімделу мақсатында оздырылған шараға Дариян ЖОББМ мектеп-гимназиясының мұғалімдері,

мәдениет үйі, мұражай, кешкі мектеп қызметкерлері қатысып, «Рухани

жаңғыру» тақырыбында латын қарпімен диктант жазды.

М.Шолохов атындағы мұражайда өткізілген диктант мәтінін аудио

жазба арқылы тыңдай отыра жазып, латын қарпін білу деңгейлерін тексеруге мүмкіндік алды.

Диктант қорытындысы мамандардың тексеріп, жариялауынан кейін

айтылатын болады. Бір ескеретін жайт, шараға қатысушылар арасында

латын негізді қазақ тілі әліпбиін білуге деген ынта-жігер, құлшыныс

жоғары болды.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы


 

Динара ҒИЗАТОВА,

Дариян ауылдық кітапханасының меңгерушісі:

 

— Мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі қазақстандықтардың нығаюы мен

бірлігінің мықты құралы ретінде қызмет етуі тиіс. Латын жазуы – бұл

Қазақстанның дамыған демократиялық мемлекет болуы мен әлемнің

ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу ұмтылысындағы дербес өркениеттілік таңдауы. Латын әліпбиіне оралудың мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы зор деп білемін.


 

Мирболат ИСМАҒҰЛОВ,

Дариян мектеп-гимназия интернатының мұғалімі:

 

— Нақты айтқанда, латын әліпбиіне өту – әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіруге жол ашады. Түркі халықтарына ортақ әріп, оған көшуді уақыттың өзі қажет етіп отыр. Кез-келген өзгерістің кедергі-қиындықсыз өтпейтіндігі белгілі. Бұл мәселенің жас жеткіншектер үшін қолға алынғандығы белгілі. Мысалы, біз әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру мақсатында ағылшын тілін үйрендік. Латын әліпбиі де тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз.