14.11.2018, 12:39
Қараулар: 97
«English for jastar» жобасы – ауданымызда

«English for jastar» жобасы – ауданымызда

Ағылшын тілін үйретудің қолжетімді әдісі – «English for jastar» жобасы ауданға да келіп жетті. Жаңа жобаны жүзеге асырушы пәкістандық ерікті Жадун Аймалхан. Ол ауданға қарасты Мичурин жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға екі күн бойы дәріс бермек. 


— Балаларды оқыту менің бала кезден бергі арманым. Өйткені балаларды қатты жақсы көремін. Міне, бүгінде осы арманым Қазақстанда “English for Jastar” жобасы аясында жүзеге асып жатқанына өте қуаншытымын. Бұнда мен балаларға сабақ берумен қатар Қазақстанның мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысып, қазақ тілін де үйреніп келемін. Осыған дейін мен Астана қаласында, сонымен қатар үш аптадай Ақтөбе қаласының Қобда ауылында да балаларға ағылшын тілін еркін сөйлесуіне өз үлесімді қостым, — дейді шетелдік азамат Аймалхан.

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының және «Болашақ» қауымдастығының бірлескен «English for jastar» атты тегін ағылшын курстарын оқыту жобасы басталғалы бері облыс бойынша 600-ге жуық мектеп оқушысы курсқа қатысып, ағылшын тілін үйреніп меңшеруге үлкен мүмкіндік алды, — дейді «Жас Отан» Жастар Қанаты БҚО филиалының кеңесшісі Ерлік Шамғалиев.

Мичурин ауылдық округіндегі ұлағат ұясында өткен екі күндік курс барысында ауылдық округі әкімі Бекқали Бержанов бастаған тұлғалар пәкістандық Аймалханға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Ұлттық дәстүрден мағлұматтар беріліп, киіз үй қанаты аясында көрме ұйымдастырылып, жергілікті әншілер Жұлдыз Қапезова мен Ерік Мұқамбетқалиев әннен шашу шашты.

 

Ертай БИМҰХАНОВ