9.11.2018, 17:01
Қараулар: 426
Ауылдық клубтардың есеп беру концерттері өтуде

Ауылдық клубтардың есеп беру концерттері өтуде

Аудандық мәдениет үйіне қарасты клубтар «Ауыл мәдениетінің өнері мен келбеті» атты есеп беру концерттерін өткізуде.


— Ауданға танымал әншілер мен өнер саласына еңбегі сіңген өнер өкілдерінен құралған арнайы топ барлық ауылдық клуб ұжымдарының есептік концерттерін тамашалап шықты. Байқағанымыз, соңғы кезде ұлттық өнерге ден қойғандар көбейіп келеді. Әсіресе, домбыра аспабына деген қызығушылық жоғары. Сондай-ақ вокал жанры жақсы жолға қойылған. Жас таланттардың да өсіп келе жатқандығы көңіл қуантады. Осы бағытта жұмыстана берсек, аудан өнері жоғары деңгейге көтерілетін болады, — дейді аудандық мәдениет үйінің әдіскері Амангүл Намазова.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалсында көрсетілген міндеттерді іске асырып, ауылдық жерлердегі тума таланттарды анықтап, жас өнерпаздардың сахнаға жолын ашу мақсатында өткізілген концерттердің расымен де берері мол.

 

Түгелбай БИСЕН