7.11.2018, 12:50
Қараулар: 669
Ауданда ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстары талапқа сай жүргізіліп келеді

Ауданда ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстары талапқа сай жүргізіліп келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бойынша жұмыстар атқарылып келеді.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ бекітілген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, Зеленов ауданы көлемінде Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы талаптарының сақталуына тексерудің өзге де түрінде және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Мал ұрлығына қарсы «Жол картасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру негізінде және «Көшім» жол бекетінде рейдтік тексерістер нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз тасымалдау фактілері анықталып, 4 жеке тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан транзиттік тасымалдауға уақытша шектеулер енгізуіне орай ветеринариялық-санитариялық қарау кезінде ветеринариялық сертификаттың болмауына және вет-сан талаптардың бұзылуына байланысты жүктерді қайтару туралы актілер рәсімделіп, тасымалданған 600 бас балапан және 40 тонна мал азығы өнімдері (фуражды бидай) Ресей Федерациясына кері қайтарылды.

Мал азығы өнімдерін тасымалдаушылар қайтарылған мал азығын басқа аутөлікке аударып, жалған құжаттар арқылы өту жоспарлаған әрекеттері жол патрульдік полициямен бірлескен рейд кезінде әшкере болып, айыппұл салынды.

— Инспекция мамандарымен 22 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 25 әкімшілік іс қозғалды, соның ішінде жалпы сомасы соммасы 444 925 теңгеге 20 айыппұл салынып, 5 ескерту берілді.

Ветеринария саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты 2 жеке тұлғадан келіп түскен өтініш қарастырылып, өтініш иелеріне уақытылы жауап қайтарылды. Өтініштегі мәселелерді қарастыру кезінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, бір ауылдық округтің ветеринариялық маманына өз міндетін дұрыс деңгейде атқармағаны үшін 12,5АЕК 30 012,5 теңге көлемінде, ал екінші арыз бойынша ветеринариялық дәріханада заңсыз медициналық препараттарды сату фактісі анықталып, ветдәріхана иесіне 25АЕК 60 125 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, бруцеллез ауруына шалдыққан жануарларды мал иелері ветеринар мамандар тарапынан берілген нұсқамаға қарамастан мал сою орындарына тасымалдамай, өз қажеттіліктеріне сойып алу, сатып жіберу фактілері анықталып, Көшім, Макаров, Дариян ауылдық округінің 5 жеке тұлғасына 2,5АЕК жалпы 30062,5 теңге көлемінде, 1 шаруа қожалығы иесіне 12,5АЕК 30 062,5 теңге көлемінде айыппұл салынып, Щапов, Белес ауылдық округінің 3 жеке тұлғасына ескертулер берілді, — дейді ҚР АШМ ВБжҚК Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Жұмабек Батырұлы.

 

Ертай БИМҰХАНОВ