7.11.2018, 11:20
Қараулар: 12
Янайкин волейболшыларының жеңісі

Янайкин волейболшыларының жеңісі

Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл жастары волейбол жарысын ұйымдастырды.

 

Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және өскелең ұрпақтың волейболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен жарысқа Янайкин ауылдық округінің командасы да қатысты.

Қызықты әуе доп ойындары ауыл тұрғындарының делебесін қоздырды. Қорытындысында ІІІ орын Қабыршақты ауылының командасына бұйырса, ІІ орынды Алғабас ауылы командасы, ал І орынды Зеленов ауданы Янайкин ауылының командасы қанжығасына басты.

Жарыс соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз-жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Түгелбай БИСЕН