6.11.2018, 17:23
Қараулар: 384
Каратэшілер бабына еніп келеді

Каратэшілер бабына еніп келеді

Ресей Федерациясының Тольяти қаласында жекпе-жек өнер түрлерінің спартакиадасы өтті.


Ресейдің Чебоксары, Тольяти, Астрахань, Қазан, Самара, Ульяновск қалаларынан келген спортшылар сайысына ел үмітін арқалай барған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэшілері намысты қолдан бермеді.

Білікті бапкер Фархад Жалмурзиннен тәлім алатын спортшылар бір ІІІ, үш ІІ орынды иеленді.

Атап айтар болсақ, кумитеде Регина Тоғаева ІІІ орынға табан тіресе, Николай Сеннов, Дарья Пивень және Әділет Бержанов финалда ғана сүрініп, жарыстың күміс медальдарын еншіледі.

Біраз уақыттан бері ресми жарысқа шықпаған кратэшілер бабына енсе, әлі талай байрақты бәсекеден жүлде салары анық.

 

Түгелбай БИСЕН