5.11.2018, 16:27
Қараулар: 11
«Алтын бидай» шаруашылығының мерейі үстем

«Алтын бидай» шаруашылығының мерейі үстем

Ауданға қарасты «Алтын бидай» шаруа қожалығы (жетекшісі Бекболат Мұқашев) 2003 жылы құрылған. Қожалық қазіргі кезде 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізінен алғанда, шаруашылық егін егіп, күнбағыс, екпелі шөптерге қоса омарташылықпен айналысып, тұтынушыға  таза бал жеткізумен айналысады.


2018 жылы егін ору науқанында аптап ыстық пен қуаңшылыққа қарамай, 734,5 гектар жерден күздік бидайдан орып, әр гектарына шаққанда  25,5 центнерден өнім алса, күнбағыстың 1197 гектарынан 16,2 центерден өнім алды.

«Алтын бидай» шаруашылықтың кұрылғанына 15 жыл толуы қарсаңында науқанды сапалы аяқтады. Осыған орай шаруашылық жетекшісі Мұқашев Бекболат қызметкерлеріне рақметін айтты.

Мерейтой күні шаруашылықтың дамуына, өркендеп өсуіне үлес қосқан диқаншыларға, ұжымда көптен жұмыс жасап келе жатқан еңбек озаттарына ақшалай қосымша бағалы сыйлықтар табысталды.

Соның ішінде Асқар Ахмулдинге «Құрметті жұмысшы» атағы мен 650 000 теңгенің смартфонын табыстаса, он жылдан бері шаруашылықтың  механизаторы Қайрат Омаровқа «Еңбек ардагері» төсебелгісі мен бағалы сыйлықпен қоса 200 000 теңгеге ие болды. Ал, Базартай Хасанов, Арон Есқалиев, Өтеу Рахметов, Қайрат Рахмушев, Қайратқа Қабдировтарға алғыс жарияланып, бағалы сыйлықпен қоса 200 000 теңге табысталды. Шаруашылықтың комбайншысы Михаил Сарапулов 870 тонна бидай, 550 тонна шемекі жинағаны үшін теледидар мен 200 000 теңгеге ие болды,

Айта кету керек, шаруашылыққа 2003 жылы Зеленов ауданынан 4451 гектар жер беріліп кұрылған. Содан бері егіс шаруашылығымен айналысып келеді. Бастағанда ескі Беларусь, ДТ-75, Т-4 тракторларымен, ескі СК-5 комбайндарымен дала жұмыстарын бастаған.

Бүгінде шаруашылық жетекшісі Бекболат Құспанұлы техника паркін жаңартып, К-744, Джон Дир алып, тракторлармен қоса тырма, зиянды жәндіктер мен арам шөптерге қарсы улағыш құралдарын, бес «Вектор» комбайны мен үш «Камаз» автокөлігі, шаруашылыққа қажетті соңғы шыққан әр түрлі техникалармен толықтырды. Диқаншыларға арнайы жатақхана, тұрақты үй салып, алынған өнімді жауын-шашынға тигізбей, сақтау алаңдарын жаңадан салып бітірді.

 

 Рафхат ХАЛЕЛОВ,

Орал қаласы

Суреттерді түсірген автор