5.11.2018, 9:12
Қараулар: 107
Halyk Bank Garmin құрылғысы арқылы төлемдерді іске қосты.

Halyk Bank Garmin құрылғысы арқылы төлемдерді іске қосты.

Енді Halyk немесе Qazkom клиенттері төлем картасын ақылды аксессуарға қосып, бүкіл әлем бойынша контактісіз терминалдарда бір жанасумен-ақ төлем жасай алады.

Бұл үшін клиенттер Visa картасын Garmin Pay электронды әмиянына қосып, Go! бонустар мен қолындағы сағатқа жүктелген басқа да артықшылықтарды қолдана алады.

Төлем жүргізу үшін қол сағаттағы әмиянның мәзірін іске қосу және Garmin Connect Mobile қосымшасында әмиянды ашу кезінде тіркелген парольді енгізу және сағатты кассадағы терминалға жақындатса болғаны.

Мұның тағы бір артықшылығы пароль сәтті енгізілгеннен кейін сағатты тағып жүрген уақытта, 24 сағат бойы қайтадан парольді енгізбей төлем жүргізе алады. Егер қолданушы сағатты қолынан шешсе немесе пульсометрді өшірген болса, төлем жүргізу алдында парольді қайта енгізу қажет болады.

Halyk Bank Қазақстан аймағында Garmin құрылғысы арқылы төлем жүргізу қызметін іске қосқан алғашқы банк болды. Visa Halyk Bank картасымен оңай және қауіпсіз Garmin Pay төлем тәсілін сынап көріңіз.