2.11.2018, 15:57
Қараулар: 12
Ауданда Ауған соғысы мен Чернобыль жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылады

Ауданда Ауған соғысы мен Чернобыль жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылады

Бұл туралы аудан әкімі Асхат Шахаров аудан аумағында тұратын Ауған соғысы, Чернобыль апатын залалсыздандырған жауынгерлер мен Семей полигонында Отан алдындағы міндетін атқарған ардагерлермен болған кездесуде мәлімдеді.


Аудан аумағынан Ауған соғысы мен Чернобыль апатын залалсыздандырған жауынгерлерге арналған ескерткіш орнату жайы талқылаған жиынды ашқан Асхат Берлешұлы:

— Ауған соғысы, Чернобыль апаты мен Семей полигоны кешегі КСРО-на ғана емес, әлемді толғандырған оқиғалар. Біріңіз интернационалдық міндетіңізді атқарсаңыз, біріңіз әлемді үлкен апаттан құтқардыңыз. Әрқайсыңыз бүгінгі жас ұрпақ жадында ерлік көрсеткен жауынгер болып қала бересіз. Кешегі тарихты ешкім жоққа шығара алмайды. Өкіншіке орай осы оқиғалар біздің тарихымыз. Бүгінгі бейбітсүйгіш Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет осы оқиғалардың қайталануына жол бермеу, — деді.

Аудан кәсіпкерлерінің қолдауын тапқан бастама қазір талқылану үстінде. Аудан ардагерлерінен құрылған жұмыс тобы жергілікті суретшілер ұсынған эскиздердің үздігін таңдап, мүсіншілерге ұсынады.

Бұл жұмыстардың алғашқысы Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарлуының 30 жылдығы қарсаңында бітетін болса, екінші жұмысты сәуір айында аяқтау тапсырылды.

Айта кетерлігі, Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш аудан орталығында бой көтеретін болса, Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан жауынгерлердің ерлігіне арналған ескерткіш Дариян ауылында орнатылады.

 

Түгелбай БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар