2.11.2018, 15:49
Қараулар: 5
Аудан басшысы жастармен жүздесті

Аудан басшысы жастармен жүздесті

2 қараша күні аудан әкімі Асхат Шахаров Зеленов колледжінің оқушыларымен кездесті. Білім ордасына табан тіреген аудан басшысы алдымен оқу орнындағы корпустарды аралап, ондағы жұмыстардың жай-күйімен танысты. Одан соң аталған оқу ошағында білім алып жатқан бір топ жастармен кездесіп, Елбасы Жолдауының мән-маңызын түсіндірді.


— Ағымдағы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жолдаған болатын. Аталмыш Жолдау сан-саланы қамтиды. Біз бүгін осы Жолдаудың мән-маңызын сіздерге түсіндіру мақсатымен жиналып отырмыз. Әрине, Елбасымыз тұрмыс сапасын арттыру жайын айтты. Бұл ретте, әрине, ең бірінші жалақы мәселесі айтылады. Мәселен, бүгінгі таңда төменгі жалақы 28 000 теңге болса, бұл алдағы жылдары бір жарым есеге өспек. Сонымен қатар бюджет саласында еңбек ететіндердің де жалақысы өсірілмек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстар. Сонымен бірге Жолдауда педагог мәртебесі туралы да айтылады. Бүгінгі таңда ұстаздар қауымының атқарып жатқан жұмыстары күрделеніп отыр. Осыған орай заң шығарушы органдарға «Педагог мәртебесі туралы» заң шығаруды тапсырды, — деді Асхат Берлешұлы.

Аудан басшысы бұдан бөлек, халықты баспанамен қамтуға бағытталған 7-20-25, «Нұрлы жол, «Нұрлы жер» бағдарламаларына тоқталып, жастарға жеткізді.

Өз кезектерінде жастар аудан басшысына сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды.

 

Нұрлыбек Мұхамбетияров

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар