23.10.2018, 17:36
Қараулар: 11
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жәрменкеге аудан аумағында орналасқан 12 кәсіпорын мен мекеме қатысып, 50 бос жұмыс орынын ұсынды.


Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Аталмыш жәрмеңкеге аудандағы мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және өзге де мекемелер қатысып, білікті де білімді, өз ісінің үздік мамандарын табуға асықты. Айта кетерлігі, аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 1765 адам жұмыс сұрай жолыққан. Орталық директоры Алексей Герасимовтың айтуынша, қазір аудандағы жұмыссыздар саны 631 адамға жеткен. Бұл дегеніміз барлық жұмысқа жарамды азаматтардың 1,9 пайызы екі қолға бір күрек таба аламай жүр деген сөз.

Түгелбай Бисен