17.10.2018, 10:01
Қараулар: 558
Агенттіктің аппарат басшысы ауданда болды

Агенттіктің аппарат басшысы ауданда болды

Ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов және аталмыш агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департементінің басшысы Болат Исақов келді.


Лауазымды тұлғалар алдымен аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Одан соң аудандық әкімдікте өткен актив жиынына қатысты.

— Жуырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жолдаған болатын.

Аталмыш Жолдауда алда атқарылар жұмыстарды айқындап берді. Осыған орай орталық аппараттан облыстарға делегациялар барып, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін біздің ауданға түсінік жұмыстарын жүргізуге Елбасы Жолдауын насихаттаушы топтың мүшесі Саян Ахметжанов арнайы келіп отыр, — деді жиынды ашқан аудан әкімі Асхат Берлешұлы.

— 2019 жылдың  қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яки 42 500 теңгеге дейін өсіру үшін «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңы жобасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы көбейеді. Олардың еңбекақысы орта есппен 35%-ға өседі.


Батыс  Қазақстан облысында экономиканың барлық саласы бойынша жұмыс істейтін 60 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға өседі, — деді Саян Қылышұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, демографиялық өсуге байланысты жұмысшы күштерінің ұсыныстары да өспек. Сондай-ақ жыл сайын 300 мың жас еңбек рыногына келетін болады. Сондықтан жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударылмақ.

— Мемлекет басшысы қойған тапсырманы шешу үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекетттік бағдарламасының өзекті мәселелері шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңделген өнімді экспортқа шығаруды 2,5 есеге ұлғайту, өнеркәсіптегі бәсекелестікті күшейту және оны технологиялық қайта жабдықтауды қажет етеді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 100 млрд. теңге бөлінетін болады, бұл агро өнеркәсіп кешені алдында койылған мәселелерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • Бүгінгі күні, сіздерде «Кублей», «Жайық Агро», «Батыс НҰҚ», «Желаевский КХП» секілді мекемелер заманауи агротехнологиялармен жұмыс жасауда. Халықаралақ деңгейге шығу үшін сіздің аймақ бойынша инвестор «Данбиа» британ компаниясы бордақылау кешеніне инвестиция құюға әзір. Барлық күш-қуат шетелдерге экспортқа шығаруға бағытталуы тиіс, соның ішінде Қытайға.
  • Сондай-ақ насихат тобының мүшесі 2025 жылға қарай I және II техникалық деңгейдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 15 мың шақырымды құрайтындығын да тілге тиек етті.
  • Жиыннан соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
  • Қабылдауға келгендердің бірі — аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұржан Ешмұратов. Ол таяудағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысының өсуі туралы сұрақ қойған болатын.
  • — Мемлекеттік қызметшілердің жалақысының өсуі өзіне байланысты тиімді жұмыс істесе тұрақты жағдайдан қосымша үш-төрт есеге көбеймек. Жылдық айлықты есептегенде әжептәуір кіріс болады. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырып, білімді де тәрбиелі жастардың осы саладан көрінуіне мол мүмкіндік береді, — береді деді Саян Қылышұлы.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ